Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Польшадағы отандастарымызды әкелетін екінші ұшақ Атыраудан жолға шықты

1 Наурыз 2022, 15:13
1666
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Польшадағы жерлестерімізді эвакуациялау бойынша екінші әуекемесі Атыраудан Катовице қаласына бет алды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Қазақстан азаматтарын елге жеткізу бойынша екінші әуекемесі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.13 кезінде Атыраудан Катовице қаласына ұшып шықты,-делінген хабарламада.

Жоспар бойынша ұшақ Катовице әуежайына сағат 14.19 кезінде жету керек.

Кеше Украинада жүрген 175 отандасымыз Польша арқылы Алматыға жеткізілген еді. Бүгін Беларусиядағы Қазақстан елшілігі мәлімдеме жасап, украин-беларус шекарасында қазақстандық жүктасушыларға «жасыл дәліз» қамтамасыз етілетінін жеткізген болатын.

Өзгелердің жаңалығы