Польшадағы көрмеде Қазақстанның ұлттық стенді үздік деп танылды

22 Қараша 2019, 15:45
8483
Бөлісу:
Польшадағы көрмеде Қазақстанның ұлттық стенді үздік деп танылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм комитеті тапсырмасы аясында Қазақстан Польша Республикасында өтіп жатқан ТТ Warsaw 2019 халықаралық көрмесіне қатысуда. Бұл туралы Kazakh Tourism-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрменің алғашқы күні "Kazakh Tourism" ҰҚ" АҚ және отандық туроператорлар Польша елінің турқауымдастықтарымен кездесулер жүргізіп, нәтижесінде Kazakh Tourism мен LOT Polish Airlines әуекомпаниясы және экстремалды іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын "Runmageddon" агенттігі арасында серіктестік жөнінде меморандумдарға қол қойды.

Алғашқы күннің қорытындысын жариялаған ұйымдастырушылар түрлі номинация аясында үздік қатысушыларды анықтады. Қатысушы елдердің арасында өз стендімен ерекшеленген Қазақстанның стендін журналистер жоғары бағалап, үздік стенд номинациясы бойынша бас жүлдені табыстады.

Жыл басынан бері Қазақстан халықаралық туристік көрмелерде "Meet QASAQs" тақырыбындағы ұлттық ту түсінде бірыңғай дизайнмен жасалған стенд құрастырып, өзге елдерден ерекшеленді. Сондай-ақ, келушілерге еліміздің мәдени және іскерлік бағдарламалары да көңілдерінен шыққан.

6452fb15-4082-4511-818d-22bde9433022.jpg

21-23 қараша аралығында қазақстандық туроператорлар Польша Республикасындағы әріптестерімен кездесіп, "Meet QAZAQS: Discovering the destination Kazakhstan through travel" тақырыбында еліміздің туризм саласының әлеуетімен таныстырады.

Аталған көрмеде қатысушыла еліміздің стенді жанында ұлттық дәмнен ауыз тиіп, қымыздан жасалған сусындарды бағалай алады. Және де қазақ батырларымен селфи жасауға да мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, Польша еліміздің туристік нарығында маңызды орын алады. Оған себеп екі ел арасындағы визасыз саясат пен Нұр-Сұлтан – Варшава бағытындағы жүргізілетін тікелелей рейстердің қолжетімділігі.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, елімізге келетін Польша азаматтарының саны өткен жылмен салыстырғанда 16% өскен. (2018 жылы – 15 739 азамат, 2017 жылы – 13 565 азамат)

Өзгелердің жаңалығы