Польшада жанар-жағармай құю станциясының жанынан екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ RMF FM-ге сілтеме жасап.
Болған жайтқа байланысты екі мыңдай адамды эвакуациялайды деп жоспарлануда.
Дембогужа мен Казимежа тұрғындары 29 сәуірде қауіпсіз жерге көшірілетіні белгілі болды.
Саперлер екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы авиациялық бомбаны зарарсыздандырады, - делінген радиостанция таратқан ақпаратта.
Саперлер қаруды екі сағаттың ішінде жоямыз деп үміттеніп отырғандары айтылды. Одан соң тұрғындар үйлеріне оралады.