Польшада 12,5 млрд долларға бассауға салынады

27 Маусым 2024, 03:28
419
Бөлісу:
Польшада 12,5 млрд долларға бассауға салынады
Фото: pixabay.com

Польша билігі жеке үйлерде бассауға, сондай-ақ ІІМ мен қорғаныс министрлігінің ауруханаларында жерасты инфрақұрылымын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Rzeczpospolita газетінің жазуынша, бұл мақсатқа 50 млрд злотый немесе 12,5 млрд млрд доллар жұмсауға шешім қабылданған.

Елдегі халықты қорғау мен азаматтық қорғаныс туралы заң жобасына сәйкес, құрылысқа, жаңартуға немесе реконструкцияға, қорғаныс ғимараттарына қызмет көрсетуге қаржы дайындалуда. Сондай-ақ жоба аясында азаматтық қорғаныс қажеттіліктеріне арналған тұрақты инфрақұрылым құру, соның ішінде, үздіксіз сумен, энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету қамтылады.

Одан басқа, денсаулық сақтау мекемиелерінің құрылысы, жерасты медициналық-техникалық инфрақұрылым құрылысы қарастырылады. Жоспарға сәйкес, жердің астында операция жасау, жансақтау бөлмелері мен палаталарын салынып, жабдықталады.

Польша өрттен қорғау қызметінің деректері бойынша, 2023 жылы елдегі 300 мыңнан бассауға орындары бар, олардың басым көпшілігі жұмысқа жарамсыз. Олар 1,1 млн адамға есептелген.

Өзгелердің жаңалығы