Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Ұсталған күдіктілердің адвокаттарға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, қажет болған жағдайда мемлекет қаражаты есебінен тегін қорғаушылар қызметі ұсынылады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануы және билікті асыра қолдануы туралы әрбір шағымға прокуратура органдарымен қатар Ішкі істер министрінің тапсырмасымен ІІМ өзіндік қауіпсіздік бөліністері тексеру жүргізеді олардың байланыс деректері бірінші күннен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, - деді Әділов.
Оның айтуынша, арнайы мекемелердің медицина қызметкерлерінің ұсынымдары бойынша денсаулық жағдайына байланысты бірқатар күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын өзгерту мәселелері қарастырылуда.
Бүгінге осы негіздер бойынша және жеке басын ескере отырып бірқатар күдіктілер күзеттен босатылды, оларға қатысты қоғамнан оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шаралары қолданылды, - деді Санжар Әділов.