Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 13 жасар Денис Мельников, Вадим Сизов және Сабыр Дүйсенғалиевтің өліміне байланысты тергеу амалдары басталған. Сонымен қатар, балалардың неден көз жұмғанын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
"Теректі" шағынауданындағы су қоймасының жанынан балалардың сөмкелері табылған. Іздеу жұмыстарына республикалық жедел-іздестіру тобының сүңгуірлері қатыстырылды. 13 ақпан күні таңғы сегіздер шамасында балалардың денесі судан табылды, - деді баспасөз қызметінде.
Балаларды іздеу туралы хабарлама Алатау ауданы полиция басқармасына 12 ақпан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында түскен. Ювеналды, крименалды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Сонымен қатар, жасөспірімдерді іздеу жұмыстарына еріктілер де атсалысқан.