Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды

30 Наурыз 2023, 19:27
961
Бөлісу:
Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды
Фото: tolqyn.kz

Бұл туралы Астана қаласы ПД баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және кәмелетке толмағандардың жолдарда және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрысының қағидаларын бекіту мақсатында елордада 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 

Қала полицейлері мектеп оқушыларына үйден тыс қауіпсіздік негіздерін еске салады, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуын тоқтатады.

Іс-шара басталғалы бері мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері тоқтатылды, оның ішінде жол қиылысынан өту ережесін бұзған – 57, жаяу жүргіншілерге артықшылық бермеген – 14, арнайы ұстап тұратын құрылғысыз балаларды тасымалдаған – 22, көлік қою ережесін бұзған – 60 жүргізуші анықталды. Жол қозғалысы ережесін бұзған 81 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Жалпы, жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін сот шешімімен 415 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 400-ден астам адам әкімшілік қамауға алынған.

ЖАШ аясында жол қауіпсіздігі мәселелеріне арналған кәмелетке толмағандар үшін бірқатар ұйымдастырушылық, тәрбиелік және сауықтыру шаралары жоспарланған, -  деп хабарлайды Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы