Полиция жасырылған бомба туралы хабарларды тексеруге 140 рет шыққан

27 Тамыз 2022, 11:32
841
Бөлісу:
Полиция жасырылған бомба туралы хабарларды тексеруге 140 рет шыққан

Жасырылған бомбалар туралы барлық хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл полиция қызметкерлері жасырылған бомбалар туралы хабарларды тексеруге 140 рет шыққан. 

Терроризм актісі туралы жалған хабарламалар бойынша 101 қылмыстық іс қозғалды. Жалған террористер көбіне жарылғыш заттарды:

 - білім беру объектілері; 

- көлік объектілері; - СОО; 

- елшіліктер; 

- банктер және басқа ғимараттарға қояды. 

Өткен жылмен салыстырғанда мұндай хабарламалар бойынша 68%-ға көп қылмыстық іс қозғалды. 101 істің тек 12-сінде ғана қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды. Жыл басынан бері осы іс бойынша 11 адам сотталды, оның алтауы бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада.

Кейбір жағдайларда «бомба қоюшылар» шетелден болып келеді. Шетелдік серіктестерден мәліметтерді Бас прокуратурасы арқылы алуына қарай шет елдердің құқық қорғау органдарына халықаралық тергеу тапсырмалары іске асырылады. 

Мұндай тапсырмалар Ресей, Швейцария, Малайзия және Украинаға жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы