Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Полиция жастар тобының қылмыстық әрекеттерін тоқтатты

16 Шілде 2024, 11:02
784
Бөлісу:
 Шымкент қаласының Полиция департаменті
Фото: Шымкент қаласының Полиция департаменті

Полицияға 14 адам жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Топ мүшелерін Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент және Алматы қалаларының аумағында ұстады.

Оларға қатысты көңіл көтеру мекемелеріне ықпал ету бойынша қаруды қолдана отырып, қылмыстық әрекеттер жасағаны туралы жайттар тіркелген.

Полицияға 14 адам жеткізілді, тінту шараларының нәтижесінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы