Полиция Тараздағы бес медициналық мекемеден бомба іздеді

Бүгiн, 08:23
255
Бөлісу:
Полиция Тараздағы бес медициналық мекемеден бомба іздеді
Фото: скрин

Кеше Таразда бірнеше медициналық мекемеге жарылғыш заттар қойылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 ақпан күні «102» тетігіне Тараз қаласының бірнеше медициналық мекемесіне жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарлама түсті. Жамбыл облысының полиция, ҰҚК және ТЖ департаменттерінің қызметкерлері жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, жедел-тергеу тобы мен кинологтарды тарта отырып, ғимараттарды тексеру бойынша іс-шараларды шұғыл түрде ұйымдастырды, - делінген хабарламада.

Бұл аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, Жамбыл облысының Полиция департаменті ҚР ҚК 273-бабына сәйкес терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы