Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Полиция Шавхат Рахмоновтың әйеліне қатысты тың ақпаратты жариялады

6 Тамыз 2025, 15:54
1756
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Белгілі UFC жауынгері Шавхат Рахмоновтың жұбайы – Гүлайым Рахмонова екі адам көз жұмған жол апатына байланысты істе қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде жауап берген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу әрекеттері аясында оқиғаның объективті мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта азаматшадан (Рахмоновтың әйелі – ред.) қорғау құқығына ие куәгер ретінде жауап алынды, - деді Жамбыл облыстық ПД.

Белгілі болғандай, спортшының жұбайы қазір Алматы қаласында ауруханада емделіп жатыр.

Тергеу шараларының нәтижелері бойынша оған қатысты қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданатын болады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды, - деп атап өтті ведомстводан.

Еске салайық, жуырда Шавхат Рахмоновтың жұбайы тізгіндеген көлік жол апатына ұшырап, салдарынан екі жолаушы қаза тапты.

Өзгелердің жаңалығы