Алматы, BAQ.KZ. Енді полиция болғысы келетіндер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде байқаудан өтетін болады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, деп жазды Zakon.kz.
«Бұған дейін тестілеу жұмыстары ішкі істер органдарында өтетін. Қай жерге жұмысқа барды, сол жерде тест тапсыратын. Енді біз бұл тестілеуді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құзырына тапсырдық. ІІМ-ге жұмысқа тұрғысы келетіндердің барлығы енді осы агенттікте тест тапсырады», - деді Калайчи.
Кандидаттар тест тапсырған соң медициналық коммисиядан өтіп, дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтан өтеді.
«Одан кейін байқау болады, іріктеудің алғашқы кезеңінің қорытындысы аталған агенттіктің алаңында өтеді. Бұл шын мәнінде жаңа нәрсе. Бізге келем деген адамдар жөніндегі соңғы шешім агенттікте жасалады», - деді ол.