14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлады BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті.
Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға алынған нысандарда полиция нарядтары көбейтілді, - деп жазылған хабарламада.
Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді.
Ішкі істер министрлігі іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдайды.