Полиция комитеті Алматыдағы 4 баланың өмірін жалмаған жол апатының себебін атады

18 Қазан 2022, 12:44
734
Бөлісу:
Полиция комитеті Алматыдағы 4 баланың өмірін жалмаған жол апатының себебін атады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Айтуынша, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары – назар аударатын мәселеге айналып отыр. 

Балалар – жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі. Әдетте, балалар өте мүшкіл хәлге ұшырайтындай ауыр жарақат алады. Көбінесе жол ережесін білмеу немесе оларды елемеу салдарынан жолдың жүріс бөлігінде ойнайтын, белгіленбеген жерлерде көшені кесіп өтетін, көлік құралдарына отыруды және олардан түсу ережелерін дұрыс жүзеге асырмайтын балалар жол-көлік оқиғаларына себепші болады, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол жыл басынан бері орын алған осындай оқиғаларға тоқталды. 

Мәселен, биыл 9 ай ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының барлық көрсеткіштері бойынша өсімі байқалады. Есепті кезеңде балалардың қатысуымен 2 378 жол-көлік оқиғасына жол берілді. Салдарынан 181 бала қаза тауып, 2 826 жасөспірім жарақат алды. Мәселен, 13 қазан күні Алматы облысында қайғылы оқиға орын алды. Онда жүргізуші Алматы-Көкпек-Көктал автожолында «Мерседес» автокөлігімен қарсы бағытқа шығып, «Субару Легаси» автокөлігімен жанамалы түрде соқтығысуға жол береді. Содан кейін жол жиегінен әрі қарай шығып, кедергіге соқтығысады. Нәтижесінде 6 адам оқиға орнында қаза тапты, олардың төртеуі кәмелетке толмағандар, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, - деді комитет төрағасының орынбасары. 

Өзгелердің жаңалығы