Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Дәурен Омаров мәлімдеді.
Бүгін Тараз қаласында "Әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" тақырыбында баспасөз-мәслихатын өтті. Іс-шара барысында Д. Омаров желтоқсан айындағы мерекелік күндерді есекере отырып, мемлекеттік қызметші немесе оған теңестірілген тұлғаларға сыйлық қабылдауға, ал жеке және заңды тұлғаларға сыйлық ұсынуға заңнамамен тыйым салынатынын ескертті.Бұл бағытта қоғам өкілдері, оның ішінде облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелері және "Жамбыл – адалдық алаңы" жобалық кеңсе қызметкерлері мемлекеттік органдар басшыларының кеңселерінде сыйлықтардың бар-жоғына қоғамдық мониторинг жүргізеді, - деді Дәурен Омаров.Осыған қоса басқармаса басшысы жыл басынан бері жеке басы анықталмаған тұлғалардан келген 9 сыйлық мемлекеттік мүлік органдарына ерікті түрде тапсырылғанын айтты.
Сыйлықтардың жалпы соммасы 34 564 теңге. Олардың арасында қораптағы қаламдар, қабырға және үстел күнтізбесі, күнделік кітапшасы, шай сервизі және "француз үйі" сыйлық сертификаты және спорттық костюм бар. Сыйлық тек заттай түрде ғана емес, сондай-ақ, ақшалай да болуы мүмкін. Мысалы осы жылдың 5 желтоқсанында азамат Б. Тараз қаласының полиция инспекторына 1000 теңге номиналымен сыйлық бергені үшін қысқартылған өндірістің қолданумен әкімшілік хаттама толтырылды. Осыған қоса ол 252 500 теңге көлемінде айыппұл төледі, - деп сөзін жалғады басқарма басшысы.
Дәурен Омаровтың сөзінше, әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы жұмыс жалғаса бермек.