Полиция 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады

Бүгiн, 13:43
175
Бөлісу:
Полиция 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полициясы 9 жылдан бері халықаралық іздеуде болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды анықтады. 35 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. 

Күдіктінің 2015 жылы атыс қаруын қолданып, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілгені анықталды. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Тергеу күдіктінің қылмысқа қатысы бар екенін толық дәлелдеді, ал жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы