3 қараша күні Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы қайтыс болды. Оқушының қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні, сондай-ақ оқиға кезінде қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды, - дейді Тұркістан облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда оқушы қызға 100 мың теңге ұсынып, азғыруға тырысқан ер адам қамауға алынғанын хабарладық.