Қызметін дұрыс атқармаған павлодарлық полицейлер жұмыстан қуылды

20 Тамыз 2019, 12:19
2051
Бөлісу:
Қызметін дұрыс атқармаған павлодарлық полицейлер жұмыстан қуылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі Павлодар облыстық полиция департаменті жұмысына жүргізілген қызметтік тексерістің нәтижесін шығарды. 

Министрдің тапсырмасы бойынша ІІМ қызметкерлер тобы Екібастұз қаласында газ баллондарының жарылып, салдарынан екі адамның қаза табу фактісіне қатысты тергеу жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі туралы тұрғынның арызы бойынша барлық жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Павлодар облысына жіберілген. 

Адам қазасы орын алған газ баллонының жарылуы ісіне қатысты жүргізілген қызметтік тексеріс кезінде Қылмыстық-процессуалдық кодекс талаптарының бұзылуы және тергеу мерзімдерін үзу туралы негізсіз шешім қабылданғаны анықталды. 

«Қазіргі таңда бұзушылықтарға жол берген және осы қылмыстық істі дұрыс жүргізбеген тергеуші мен аға тергеуші Екібастұз қаласының полиция басқармасының тергеу бөлімігің бастығы лауазымдарынан босатылды. Павлодар облысы ПД Тергеу басқармасының лауазымды тұлғалары және департамент орынбасары қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар, Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылды», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тауда жоғалған қазақстандық альпинистерді іздестіру операциясы қайта басталғанын және жоғалған альпинистердің нақты орнын анықтау қиын екенін айтты. 



Өзгелердің жаңалығы