Ақмола полицейлері ұрланған телефонды іздеп тауып, Пәкістан азаматына қайтарып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шетелдік әйелдің айтуынша, ол мобильді құрылғыны облыс орталығындағы дүкендердің бірінде ұмытып кеткен, ал жоғалғанын анықтап, қайтып келгенде телефонды таппаған. Қыз бала дереу полициядан көмек сұрады. Шетелдік тәртіп сақшыларына оның телефонында көптеген маңызды ақпарат бар екенін және жоғалған нәрсе ол үшін өте қымбат екенін айтты. Полицейлер қысқа уақыт ішінде қаскөйді іздеп тапты. Ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды.
Пәкістан Республикасының тұрғыны ұрланған ұялы телефонды жедел іздестіргені және қайтарғаны үшін Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.