Қостанай полицейлері қылмыстық жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған делдалды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған күдіктіні ұстады.
31 жастағы ер адам банк филиалдарының бірінің жанында қолға түсті. Онда ол дроп картасынан ақшаны шешіп алған. Тінту кезінде ер адамнан ұялы телефон және 1,9 млн теңге тәркіленді. Ол қолма-қол ақшаны азаматтардан құйтырқы әрекеттермен алған алаяқтарға бергісі келген. Ер адам өз қызметі үшін ақшаның 5%-ын алған, – деді Қостанай облысы криминалдық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.
Осы факт бойынша 190-баптың 3-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.