Атырауда полицейлер гуманитарлық көмекті тасымалдауға жұмылдырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмекті қабылдап-жеткізу үшін еріктілер үздіксіз жұмыс жүргізуде. Атырау қаласына жан-жақтан келген гуманитарлық көмекті сұрыптап, қажеттілікке және сұранысқа сай қамтылуын қамтамасыз ету үлкен күш пен ұйымдастыруды талап ететіні сөзсіз. Атырау қаласында ұйымдастырылған бұл орталықта қазір өңірдің ерікті азаматтары жұмыла жәрдемдесуде.
Бүгін Атырау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері кезекті қызмет атқару кезеңінен соң жинақталған гуманитарлық көмектерді жүк көліктеріне тиеу жұмыстарына атсалысты. Кейін жүк көліктерінің діттеген жерге қауіпсіз жетуі үшін қызметтік көліктермен еріп жүру ұйымдастырылады.