Полицейлер деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіледі

Атырау полицейлері деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіледі, еп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

30 Қаңтар 2023 2023, 15:30
АВТОР
 Polisia.kz 30 Қаңтар 2023 2023, 15:30
30 Қаңтар 2023 2023, 15:30
1081
Фото: Polisia.kz

Атырау полицейлері деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіледі, еп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz сілтеме жасап.

19 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде Ислам дінінің дестурктивті ағымының радикалды бағытын ұстанушы 1995 ж.т. және 1996 ж.т. азаматтардан 1 қара түсті полиэтилен және 2 қою жасыл түсті қағаз орамасын тәркілеп, анықтады. 

Химиялық экспертиза қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың 186 гр. болатын марихуана екендігі белгілі болды. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Наверх