9-10 қарашада автомобильдердің көп жиналуына байланысты облыстық ПД патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында үш баған құрып, барлық көлікті ілестіріп қауіпсіз аймаққа алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тәртіп сақшылары Астана-Петропавл және Астана-Ерейментау-Шідерті автожолы бойынша жүретін 500-ге жуық жеңіл және 150-ге жуық жүк көлігін ертіп жүрді. Іс-шараларға 49 полиция қызметкері мен 24 патрульдік автокөлік жұмылдырылды.
Бүгін кешке ауа-райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс тағы да шектеледі. Осыған байланысты Ақмола полицейлері автокөлік иелеріне қозғалыс бағыттарын түзетуді және ауа-райының өзгеруі және жолдардың жабылуы туралы арнайы қызметтердің хабарламаларын елемеуді сұрайды, - ҚР ІІМ баспасөз қызметі