Полицейлер әріптесін тонаған жанармай құю бекетінің қызметкерін ұстады

Елорда тұрғыны полицияға арызданып, оның ақшалай қаражатымен «Самсунг» маркалы ұялы телефоны ұрланғаны туралы хабарлады.

23 Сәуір 2022 2022, 18:34
АВТОР
 23 Сәуір 2022 2022, 18:34
23 Сәуір 2022 2022, 18:34
1478

Елорда тұрғыны полицияға арызданып, оның ақшалай қаражатымен «Самсунг» маркалы ұялы телефоны ұрланғаны туралы хабарлады. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сағат 10.00-де жәбірленушімен оның әріптесі жанармай құю бекетінде ішімдік ішкені анықталды.

Ер адамның ұйықтап қалғанын пайдаланып, әріптесі әмиянынан 20 мың теңге көлемінде ақша және ұялы телефонын ұрлаған. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ұсталған азаматтың қала аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. 

 

Наверх