Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Полицей арнайы операцияда әйелдің өліміне себеп болып, түрмеге қамалды

22 Шілде 2025, 14:11
896
Бөлісу:
 - архив/ Арман Мухатов
Фото: - архив/ Арман Мухатов

АҚШ-тың Кентукки штатында Бреонна Тейлордің өліміне себеп болған арнайы рейдке қатысқан бұрынғы полиция қызметкері Бретт Хэнкисон 33 айға бас бостандығынан айырылды. Ол азаматтық құқықтарды бұзып, шамадан тыс күш қолданғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

2020 жылы қара нәсілді әйел Бреонна Тейлор өз үйінде полиция жасаған рейд кезінде оққа ұшқан болатын. Полицейлер түнде, арнайы ескертусіз кіріп, есікті бұзып ашқан. Тейлордің сүйіктісі Кеннет Уокер полицейлерді қылмыскер деп ойлап, бір рет оқ атып, сержант Джон Мэттинглиді жаралаған. 

Бұған жауап ретінде үш офицер 32 рет оқ атқан. Хэнкисон 10 оқ шығарғанымен, олардың ешбірі адамға тимеген, алайда көрші үйге жеткен – ол үйде жүкті әйел мен бала болған.

Полицей арнайы операцияда әйелдің өліміне себеп болып, түрмеге қамалды
Фото: Getty Images

Айыптау тарапы Хэнкисонның әрекетін "жауапсыз әрі заңсыз" деп бағалады. Тейлордің отбасы мен құқық қорғаушылар үкімді әділдікке жолдағы алғашқы қадам деп бағалады. Дегенмен, олар Трамп әкімшілігінің бір күндік жаза ұсынуын қатты сынға алды. Жаңа үкім Байден тұсында басталған тергеу аясында шығарылғанымен, соңғы шешім Трамп қайта президенттікке келген соңғы аптада қабылданды.

Қазіргі таңда Хэнкисон  осы іс бойынша нақты сот үкімі шыққан жалғыз полицей.

Өзгелердің жаңалығы