Полиция қызметкерлері өзгенің мүлкін ұрлаған күдіктіні құрықтады

15 Қазан 2020, 15:03
1493
Бөлісу:
Полиция қызметкерлері өзгенің мүлкін ұрлаған күдіктіні құрықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келді. Ол өз арызында сауда орындарының бірінде ұялы телефонын жоғалтып және оны бейтаныс адамның алуы мүмкін екендігін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 60 000 теңге.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы - «Ұрлық» бойынша тіркелді. Полиция  қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 1 күн ішінде егде жастағы әйел ұсталып, бөлімшеге жеткізілді. Қазіргі таңда күдікті әйелдің басқа да іске қатысы бар-жоқтығы анықталуда. Күдікті кінәсін толықтай мойындады. Бұрын сотты болмаған.   

Полиция қызметкерлері тұрғындарға қырағы болып, өздерінің бағалы мүліктерін сақтау үшін қауіпсіздік шараларын қабылдау қажеттігін ескертеді. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіз.

Өзгелердің жаңалығы