Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.
Ол атағандай, қыркүйек айында учаскелік инспекторлары 1,7 миллионға жуық пәтер мен жеке үйлерді, 130 мыңнан астам саяжай мен 33 мыңға жуық шаруа қожалығын, қыстақтар мен учаскелерді аралады.Құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігі мәселелерін зерделеуге және шешуге бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Учаскелік полиция инспекторлары халықпен танысу, атыс қаруының иелерін, органдарда есепте тұрған шетелдіктер мен азаматтарды тексеру үшін аулаларды және пәтерлерді аралап шығады. Проблемалық мәселелерді зерттеу және шешу мақсатында халықпен кездесулер ұйымдастырылады, - деді ол.
Жалға алынған 29 мыңнан астам пәтер тексеру нәтижесінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркелмеген үйді жалға берудің 5 мыңға жуық фактісі анықталды. Азаматтық қарудың 92 мыңнан астам иесі тексерілді. Қаруды сақтау қағидаларын бұзуға байланысты 1,2 мыңға жуық факті есепке алынды. Іс-шара басталғаннан бері полиция қызметкерлері 200 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 3,5 мың ұсақ бұзақылық фактілерінің алдын алды. Тұрмыстық салада 4,3 мың, көші-қон саласында 30 мыңнан астам заң бұзушылықтың жолын кесті, - деді ол.