Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО тұрғыны полиция қызметкерін балағаттағаны үшін тағы сегіз сағат қоғамдық жұмыс істейді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталған пробация қызметіне есепке тұрып, қоғамдық жұмыстарды орындап жатыр. Пробация қызметінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органға жіберді, онда оған қоғамдық жұмыстарды орындау үшін объект бөлінді. Қоғамдық жұмыстарды оырдай отырып, сотталған өз қалауымен жалғыз басты қарт адамдарға қар тазалауға көмек көрсетіп жүр.
Сотталған адам пробация қызметінде есепке алынды.
Ол полиция қызметкерін балағаттағаны үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Ол күніне төрт сағат қар күреп жүр, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.Айта кетейік, күзде «102» нөміріне әйел адамның мас күйеуі оны ұрып-соғып, балаларды қорқытып жатқаны жайлы қоңырау түскен. Полицейлер келген кезде мас адам себепсіз қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге әдепсіз сөйлеп, балағаттаған. Полиция қызметкерлері сабырға шақырып, тыныштандыруға тырысқанмен ол бағынбаған. Керісінше бөгде адамдардың көзінше дөрекі балағат сөздер айтуды жалғастырған. Сот үкімімен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.