Польшада II Халықаралық Абай оқулары өтті

12 Желтоқсан 2020, 10:49
1278
Бөлісу:
Польшада II Халықаралық Абай оқулары өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада Қазақстан елшілігінің қолдауымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай философиясы, поэтика, рецепция» атты халықаралық ғылыми семинар өтті. 

«Абай оқулары» ғылыми семинары – Слупск қаласындағы Померания академиясында Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығында жыл сайын өткізілетін халықаралық іс-шара ретінде өткізілуде.

Кездесу онлайн форматында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогигалық университеті және оның көп жылдық серіктесі Померания академиясымен бірлесе Қазақстан, Польша, Қырғызстан және Украина академиялық топтарының өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Елші Әлім Қирабаев кіріспе сөзінде Абайдың Қазақстан халқы үшін ерекше рухани рөлін атап өтіп, қазіргі әлем жағдайында оның нұсқауларының өзектілігін атап өтті.

Халықаралық семинар барысында қатысушылар «Абай шығармашылығын зерттеудің лингвистикалық аспектілері», «Рухани және мәдени құндылықтарды дамытудағы Абайдың үлесі мен рөлі», «Қара сөздер философиялық ойларының мәні мен мағынасы» және т.б. тақырыптарда ғылыми баяндамалар жасады.

 

 


Өзгелердің жаңалығы