«Погондағы» журналист. Baq.kz тілшісі «Үздік жарияланым» номинациясын жеңіп алды

24 Желтоқсан 2021, 10:56
5673
Бөлісу:
«Погондағы» журналист. Baq.kz тілшісі «Үздік жарияланым» номинациясын жеңіп алды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі журналистер арасында «Полицейдің бір күні» атты конкурс өткізді. Бүгін «погондағы» үздік журналистер марапатталды.

Республикалық және өңірлік БАҚ-тың 40 өкілі құқық тәртібі, қылмыстарды ашу және тергеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жалпы азаматтардың қауіпсіздігі құралатын қарапайым полицейлер – жедел уәкілдердің, тергеушілердің, патрульдердің, учаскелік инспекторлардың, криминалистер мен кинологтардың жұмысымен танысты.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құттықтау сөзінде журналистер байқауда қызметі өте маңызды қызметтермен бірге жұмыс істей алғанын атап өтті.

Жергілікті полиция қызметі, криминалистер, патрульдік, кинологиялық қызметтер, ювеналдық полиция қызметкерлері ішкі істер құрылымындағы негізгі буын және өздерінің күнделікті жұмысында халықпен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Олардың қызметі адамдарға әрдайым байқала бермейді, бірақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін және елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде баға жетпес, - деп атап өтті ІІМ басшысы.

«Погондағы» журналист. Baq.kz тілшісі «Үздік жарияланым» номинациясын жеңіп алды

«Ең креативті журналист» номинациясында «Zakon.kz» АА тілшісі Баубек Қоңыров жеңіске жетті, ол пенитенциарлық жүйе қызметкерлерінің жұмысын зерттеген. «Казахстанская правда» газетінің аға тілшісі Елена Левкович «Кәсібилігі мен журналистік шеберлігі үшін» дипломына ие болды, ол Ұлттық ұланның әскери қызметшісі болып бір күн қызмет етті. «Жылдың үздік жобасы» дипломының иегері, «Qazaqstan» телеарнасының продюсері Сымбат Смағұлова және «Үздік тақырып» дипломымен марапатталған «Түркістан» телеарнасының журналисі Назым Иноятова учаскелік полиция инспекторларымен бірге жұмыс істеді. 

Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» газетінің аға тілшісі Бану Әділжан мобильді қылмыстық зертхананың, 3D модельдеу кешенінің жұмысымен танысты. Ал «Казахстанская правда» газетінің шолушысы Александра Власова кинолог болып, төрт аяқты жауынгерлердің қылмыстарды ашуға қосатын елеулі үлесіне тәнті болды. «Время» газетінің меншікті тілшісі Лейла Тастанова ювеналды полицей рөлінде проблемалы отбасылармен жұмыс істеді. Үш журналист те «Үздік мақала» дипломымен марапатталды. 

«Qazaqstan» телеарнасының «TAŃSHOLPAN» бағдарламасының редакторы Ботакөз Сағындық «Үздік бейне материал» номинациясын жеңіп алып, ол қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесті. «Үздік аудио материал» номинациясын Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі Азамат Тілепов иеленді, ол интернет-алаяқтық, есірткі қылмыстары, автокөлікті тіркеу бойынша материалдар дайындады. 

«Үздік жарияланым» номинациясы бойынша «Baq.kz» АА тілшісі Аягөз Құрмашева және «Polisia.kz» ақпараттық порталының шығарушы редакторы Шұғыла Тұрлыбек марапатқа ие болды, олар полицияның жедел басқару орталығы мен мамандандырылған күзет қызметі офицерлерінің стратегиялық нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы жариялады.

Сонымен қатар «Baq.kz» ақпарат агенттігіне  ҚР ІІМ министрі атынан Алғыс хат табысталды.

«Погондағы» журналист. Baq.kz тілшісі «Үздік жарияланым» номинациясын жеңіп алды

 

Өзгелердің жаңалығы