Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 11 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 242 жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 39357, 410 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29286-ға жетті.