Коронавирус белгілері бар пневмониядан 7 адам көз жұмды

26 Тамыз 2020, 09:34
1354
Бөлісу:
Коронавирус белгілері бар пневмониядан 7 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 781 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 351 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 23 543, 268 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 4 901 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 541 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 49 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 786 науқас жатыр. 4 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 
Жалпы науқастардың арасында 305 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 56 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген хабарламада.
0de0c057-1d8f-47cf-ba27-f65674eade1e.jpg

Өзгелердің жаңалығы