Пневмония мен коронавирустан 9 адам көз жұмды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 941 адам ем қабылдауды жалғастыруда.&nbsp;</h4>

 12 Қараша 2020 2020, 09:02
12 Қараша 2020 2020, 09:02
1735

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 941 адам ем қабылдауды жалғастыруда. 

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың арасында 384 бала бар. Стационарларда 2 868 науқас жатыр. 5 073 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 182 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 21 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Наверх