Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров.
Елордада салынып жатқан мешіттің құрылысы қашан аяқталады? Пітір садақаның мөлшері қанша? Сапарда жүрген адамға ораза тұтуға бола ма? Ұмытып ішіп-жеп қойса ораза бұзыла ма? Ораза ұстау үшін намаз оқу міндетті ме? Тіс жұлдыру оразаны бұза ма? Пітір садақадан түскен қаржы қайда, қалай жұмсалады? Жат ағымдармен күрес қалай жүргізіліп жатыр? Ершат Оңғаров осы және өзге сұрақтарға жауап береді.
Сұхбаттың толық нұсқасын ертең BAQ.KZ сайтынан көре аласыздар.