Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта әлемде ұшқышсыз авиация нарығы қарқынды дамуда, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
Кейбір жағдайларда пилотсыз ұшу аппараттары қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан әуе кемелерінің ұшуы кезінде бірқатар қолайсыздық тудыруда. Бұл өз кезегінде оқыс оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін.
Осыған орай, еліміздің әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігі саласындағы техникалық бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыратын ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің «Қазақстанның авициялық әкімшілігі» «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын» әзірледі.
Ұшу кезіндегі қауіпсіздікті жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында даярланған ереже Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 бұйрығымен бекітілген.