Солтүстік Корея көршісі Оңтүстік Кореямен шекарадағы жол учаскелерін бұзып, автокөлік және теміржол қатынасын толығымен үзді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.kz-тің жазуы бойынша, Солтүстік Корея мұндай шешімді "дұшпандық күштердің" арандатуына байланысты Корей түбегіндегі әскери-саяси "соғыс шегіне жететін жағдайға" сәйкес қабылдады, дейді ресми Пхеньян. Осыған байланысты 14-15 қазан күндері 1,5 миллионға жуық азамат ерікті түрде әскер қатарына қосылған.
Солтүстік Корея Қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдемесіне сәйкес, оңтүстік шекараны алдағы уақытта "бекініске" айналдыру жұмыстары қолға алынады.