Pfizer вакцинасы қалай салынады?

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы «Жанұя» емханасында Pfizer вакцинасын егу&nbsp; науқаны басталды. Көпшілік ұзақ күткен тегін америкалық екпені алу жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынуда.&nbsp;<br> </p>

 Артём Чурсинов  16 Қараша 2021 2021, 20:00
16 Қараша 2021 2021, 20:00
1789

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы «Жанұя» емханасында Pfizer вакцинасын егу  науқаны басталды. Көпшілік ұзақ күткен тегін америкалық екпені алу жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынуда. 

Еліміздің бас қаласы бойынша Pfizer-мен қамтылу тобына жататын 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін ана мен 63 мың жасөспірім бар. 

 Елорда бойынша бір тәулік ішінде Pfizer-ді 339 адам алып үлгерген. Оның ішінде 14 жүкті әйел, 133 – бала емізетін ана және 192 жасөспірім. 

Бүгін ел Үкіметі америкалық вакцинаның коммерциялық нарыққа жеткізілетінін хабарлады. Алдағы уақытта қалаған адам ақысын төлеп, Pfizer-ді салдыра алады деген сөз.


Наверх