Pfizer компаниясы Қазақстанда вакцина шығаратын болды

14 Қараша 2023, 17:03
914
Бөлісу:
Pfizer компаниясы Қазақстанда вакцина шығаратын болды
Фото: автордан

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният АҚШ-тың белгілі компаниясы Қазақстанда пневмонияға қарсы вакцина шығаратын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізге дүниежүзіне әйгілі Pfizer («Файзер») компаниясы фармацевтикалық зауыт ашуды жоспарлап отыр. Олардың өнімі елімізде шығады. Сондай өнімнің бірі - вакцина. Пневмококк инфекциясына қарсы вакцина жасалады. Бұл вакцинамен көбіне кішкентай балалар мен егде жастағы азаматтар екпе (егіледі)алады. Өкпесі ауыратын азаматтардың ауруы асқынып кетпеуі үшін алдын алу шаралары жүргізіледі, – деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ министр жоба аясында бірқатар құжат әзірленір жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы