Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

16 Қараша 2021, 19:16
1753
Бөлісу:
Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы «Жанұя» емханасында алғаш рет Pfizer вакцинасы салынды. Аталған екпе халықтың белгілі тобын – 12 жастан асқан балалар, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерді індеттен қорғау үшін жеткізілгені белгілі.

1 жастағы сәбиі бар елордалық Әсем Сазанбаева бұл медициналық мекемеде бірінші болып екпе салдырды. Бала емізетін ана Pfizer екпесін көп күткен.

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Мен үшін ең бастысы – жақындарымның қауіпсіздігі. Баламның денсаулығына ешқандай қауіп төнбейтінін білген соң вакцина алуға келдім, - деп атап өтті Әсем Сансызбаева.
Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж
Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Ағайынды Әдина мен Аделя Әлмұхан екпе алуға әкелерімен бірге келіпті. Әмірхан Темірбеков індеттен қорғанудың тиімді жолы – екпе салдыру екендігін алға тартты.

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Балаларымның денсаулығын ойлап, ДДСҰ ұсынған осы Pfizer вакцинасын ектіруге шешім қабылдадым. Індеттен құтылудың бірінші жолы – вакцина деп тегін айтылып жүрген жоқ. Бұл екпе туралы алдын ала зерттеп, саналы түрде салғызып отырмын, - деп ағынан жарылды ата-ана Әмірхан Темірбеков.

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Жасым 14-те. Екпеден соң өзімді жақсы сезінемін, - дейді Аделя Әлмұхан.

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Вакцинация алдында дәрігерлер барлық екпе алушыны міндетті түрде бақылаудан өткізеді. Дене қызуы, сатурация, тамыр соғысы мен қан қысымы тексеріледі.

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Ал екпенің бір құтысы 6 дозаға, яғни, 6 адамға салынады. Оны ашқан соң арнайы тоңазытқышты 6 сағатқа дейін ғана сақтауға рұқсат. Себебі ұсынылған нұсқаулық бойынша жарамдылық мерзімі сондай. Екпеден соң пациент жарты сағат бақыланады. Қандай да бір жанама әсерлер болса, медициналық көмек алуға мүмкіндік бар.

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Екпе салмас бұрын дәрігер пациентті толық қарап, басқа аурулары жоқтығын тексереді. Коронавирусқа қарсы екпеге келісім беру де әдеттегі вакцинациядағыдай жүргізіледі. Аллергиялық көрсетілімдері немесе бұған дейінгі екпелерге аллергиясы болса, созылмалы аурудың асқынуы орын алса, вакцина салынбайды, - деді дәрігер Замира Борлыкбаева.

Оның айтуынша, әр адам екпе салынған соң үш күн бойы медициналық мекеменің қадағалауында болады. Оларға мамандар телефон соғып, қалдарын біліп, қандай да бір асқынулар орын алған жағдайда тиісті шаралар қолданылады.

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Біздің емханаға әзірге вакцинаның 49 дозасы берілді. Бүгін Pfizer вакцинасы мекемемізде бірінші рет салынып отыр.  Әрі қарай тағы да осы екпенің дозаларын күтудеміз, - деді емхананың Әлеуметтік жұмыс және ұйымдастыру-бұқаралық жұмыс бойынша директоры Олжас Әменов.

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Елорда бойынша бір тәулік ішінде Pfizer-ді 339 адам алып үлгерген. Оның ішінде, 14 – жүкті әйел, 133 – бала емізетін ана және 192 – жасөспірімді құрайды.

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Ал еліміздің бас қаласы бойынша Pfizer-мен қамтылу тобына жататын 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін ана мен 63 мың жасөспірім бар.

Pfizer: Екпе салу пунктінен фоторепортаж

Бір тәулік ішінде Pfizer вакцинасын 400-ге жуық елордалық салдырды.

Өзгелердің жаңалығы