Петропавлдық ЖЭО-2 жұмыс тәртібі қалпына келтірілуде – Энергетика министрлігі

21 Наурыз 2022, 17:12
1913
Бөлісу:
Петропавлдық ЖЭО-2 жұмыс тәртібі қалпына келтірілуде –  Энергетика министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 20 наурызда Петропавл ЖЭО-2 №1 түтін құбыры жартылай құлағанға дейін 4 қазандық жұмыс істеді, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Технологиялық бұзушылық туындағаннан кейін 2 қазандық қалды, жылу энергиясын берудің төмендеуі нәтижесінде жылу желілеріндегі температура +40°С дейін төмендеді. 2022 жылғы 21 наурызда сағат 9: 30-да 3-ші қазандық іске қосылды, жылу желілерінде температура көтеріле бастады. Түстен кейін 4 қазандықты қосу жоспарлануда, бұл жылу желілерінің температуралық режимін белгіленген мөлшерге дейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, үйінділерді түтін мұржасының бұзылуынан тазарту, соның ішінде электр станциясының машинистін іздеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ бұзылудың масштабын және қалпына келтіру жұмыстарының көлемін бағалау жүргізіліп жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы