Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арман Нұрышевтың жобаны іске асыруына екі апта ғана уақыты кеткен, деп жазды «Хабар 24».
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Арман Нұрышевтың тұрмыстық қалдықтарды тастайтын бұйымы толық автоматтандырылған. Ультрадатчиктер енгізілген. Бағдарлама бойынша жәшіктің қақпағы адам қолынан өздігімен ашылып-жабылады. Енді оқушы экологиялық жобасына демеуші тауып, қоршаған ортану қорғауға өз үлесін қосқысы келеді.
Бұл идеяға қаладағы шашылып жатқан қоқыстар себеп болды. Желден тұрмыстық қалдықтар жан-жаққа ұшып қоршаған ортаны ластап жатыр. Осының бәрі өзекті мәселе. Сондықтан осындай ойға келдік, - дейді өзі.