Петропавлдағы 7 мектепте теракт жасамақ болғандар іздестірілуде

18 Ақпан 2024, 15:34
497
Бөлісу:
Петропавлдағы 7 мектепте теракт жасамақ болғандар іздестірілуде
Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желіде осындай қылмыс дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның баспасөз қызметі қазірдің өзінде аталған оқу орындарына шабуыл жасау қаупіне қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Ведомство мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданып жатқанына сендірді. Бұл мәселе ПД басшылығының жеке бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай хат бірінші рет жіберіліп отырған жоқ. Қаңтар айының соңынан бері интернетте Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы мектептерге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат мезгіл-мезгіл пайда болды.

Өзгелердің жаңалығы