Петропавлда жылу трассасы құдығынан адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Амангелді-Брусиловский көшелерінің қиылысындағы жылу трассасы құдығынан «Петропавл жылу желілері» бригадасының қызметкерлері зорлық-зомбылық белгілері жоқ адамның қаңқасын тапты.
Кісі өлімі фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция сараптама тағайындады.