Петропавлда жалған ақпарат таратқан жасөспірім ұсталды

Петропавл полицейлері оқу орындарының біріне қарулы шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірімнің жеке басын анықтады.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 20:23
Кеше 2026, 20:23
299
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Петропавл полицейлері оқу орындарының біріне қарулы шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірімнің жеке басын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Петропавл қаласында жасөспірім мессенджер арқылы «алдағы шабуыл» жөнінде хабарлама таратқан. Ол Telegram-арна ашып, облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа қарулы шабуыл дайындалып жатыр деген ақпарат жариялаған. Сонымен қатар қауіптің алдын алу үшін ақша аударуды талап еткен.

Кейін ол бұл мәліметті өз атынан аталған мектептің оқушыларына да жіберген. Құқық қорғау органдары күдіктіні жедел түрде анықтады. Оның ата-анасы ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.

Петропавл қаласының Полиция басқармасы мәліметінше, жасөспірім 2024 жылға дейін осы оқу орнында білім алған. Ол әрекетін «әзіл ретінде жасағанын» айтқан. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер органдары жалған терроризм актісі туралы хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Наверх