Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты

26 Ақпан 2021, 19:14
1208
Бөлісу:
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласында ұландықтар өртенген үйден үш адамды құтқарды, деп хабарлады Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

Ұлттық ұланның елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Әлім Тасмағамбетов кезекті еңбек демалысында болған. Өз көлігімен жұмыстармен облыс орталығының Н. Назарбаев көшесімен кетіп бара жатып, бес қабатты тұрғын үйдің бірінен қою түтін шығып жатқанын байқайды.

Түтін будақтаған пәтерде сол сәтте ешкім болмапты. 101 телефонына хабар беріп, офицер өрт шыққан кіреберіс тұрғындарын сыртқа шығара бастайды. Тез арада үйден екі әйел мен бір жасөспірімді алып шығады.  Олар тоңып қалмас үшін өз көлігіне отырғызды.

Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты

Бірінші қабаттан түтінді байқадым. Түтін тез арада бүкіл кіреберісті алыпты. Жол-жөнекей мен өрт сөндіруші топты шақырдым. Кіреберістің сыртқы есігі жабық екен. Мен барлық пәтерге қоңырау шала бастадым, кей терезелерге қар лақтырдым. Осы арқылы елдің көңілін өртке бөлгім келді. Санаулы секундтарда сыртқы есік те ашылды. Қуаныштысы сол, өртенген үйде ешкім болмай шықты. Мен жоғары қабаттарға көтеріліп, әр пәтердің есігін қағып шықтым. Бесінші қабатта 83 жастағы кейуана тұрады екен. Ол ұйықтап жатқан болуы керек, өртті сезбей қалыпты. Мен оны көтеріп алып, далаға шығардым. Артынша 70 жастағы әже мен 14 жастағы баланы сыртқа шығарып, көлігіме отырғыздым. Өйткені дала аяз еді, - дейді Ұлттық ұлан офицері.

Кейін өрт орнына Ұлттық ұлан Әскери институтының екі әскери қызметшісі келді. Кіші сержант Денис Мухин және прапорщик Евгений Видникевич те өрт сөндірушілермен қалған тұрғындарды өртенген үйден сыртқа шығарды. Әскери қызметшілер үйден тағы бір баланы эвакуациялаған.

Жалпы түтіндеген кіреберістен 15 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. 

Өзгелердің жаңалығы