Петропавлда тағы да су құбыры жарылды

Петропавлда су құбыры желісінде тағы да апат болып, қаладағы су қысымы төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 Желтоқсан 2022 2022, 12:12
АВТОР
 12 Желтоқсан 2022 2022, 12:12
12 Желтоқсан 2022 2022, 12:12
1451

Петропавлда су құбыры желісінде тағы да апат болып, қаладағы су қысымы төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Петропавл әкімі Руслан Аңбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Түнде Петропавлдағы 314-ші атқыштар дивизиясында су құбыры жарылды. Қазіргі уақытта учаскеде жұмыстар басталып кетті. Барлық күш жұмылдырылды. Су қысымы алдағы бірнеше сағаттың ішінде қалпына келеді. Жұмыс барысын бақылауда ұстап отырмын, - деп жазды Руслан Аңбаев.

Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, түнде 314-ші атқыштар дивизиясы көшесінде диаметрі 800 мм суық су құбыры жарылған.

Қазіргі уақытта ақау шыққан жер анықталды. Оқиға орнында "Қызылжар су" ЖШС авариялық бригадасы жұмыс істеп жатыр. Осы апатқа байланысты Петропавлға Бескөл елді мекені жағынан кіре беріс жабылды. Мамандардың айтуынша, арнайы техника шығарылып, су сору жұмысы жүргізіліп жатыр.

"Қызылжар Су" ЖШС-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылған су құбырының пайдалануға берілгеніне небары 15 жыл болған. Яғни, әлі ескіре қоймаған.

Қазіргі уақытта Петропавлдың барлық ауданында су бар. Тек апатқа жақын орналасқан Жұмысшы кенті мен "Береке" шағын ауданында су қысымы төмендеген.

Наверх