Петропавлда судың деңгейі түспей тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің хабарлауынша қала маңында 700-ге жуық саяжай мен халықаралық тас жолдың екі бірдей аумағын су басқан.
Осыған байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылып, полиция қызметкерлері күні-түні кезекшілік етіп жатыр. Ернеуінен шыққан Есіл өзені әлі сабасына түскен жоқ.
Қазір құтқарушылар оның бойындағы 80 елді мекенді бақылауда ұстап, бекеттерде мониторинг жасайды.
Соңғы 3 күнде СҚО Ғабит Мүсірепов ауданы Тоқсан би ауылы су бекетінде судың деңгейінің көтерілуі тіркелген. Ол Ақмола облсынынан тасқын судың келуін көрсетеді. Және Пакровка, Новоникольск су бекеттерінде судың деңгейі төмендеуде, -дейді ТЖД бөлімінің бас маманы Ернар Рүстем.