Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Петропавлда су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде 46 мылтық ұңғысы табылды

28 Сәуір 2025, 21:54
954
Бөлісу:
 СҚО ПД баспасөз қызметі
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Петропавл қаласының Заречный кентінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу кезінде әскери қызметшілер үйдің ескі іргетасынан мылтық ұңғыларын тауып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, Заречный кентінде бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қапшықтарға құм-балшық салу барысында әскери қызметшілердің бірі үй іргетасынан шығып тұрған мылтық ұңғысын байқап қалған.

Оқиға орнына келген полицейлер іргетасты бұзып, нәтижесінде 46 мылтық ұңғысы мен аңшылық қарудың бірнеше бөлшегін тауып алды. Барлық табылған заттар арнайы қаптарға салынып, қайықпен тасымалданып, Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бетон іргетасқа қару-жарақ бөлшектері қашан және кім тарапынан шегенделгенін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы