Петропавлда пәтерден өрт шықты: 35 адам эвакуацияланды

Эвакуацияланғандардың ішінде 7 бала бар.

 BAQ.KZ архиві 16 Ақпан 2026, 22:26
16 Ақпан 2026, 22:26
1126
Фото: BAQ.KZ архиві

Петропавлда тұрған үйдегі пәтерден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ қызметкерлері Петропавл қаласындағы Уәлиханов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі өртке жедел әрекет етті.

Тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде шыққан өртке құтқарушылар дереу жетіп, эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды. Барлығы 35 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының арқасында тілсіз жаудың одан әрі таралуына жол берілмей, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

ТЖМ өрттің алғашқы белгілері байқалған жағдайда бірден құтқару қызметіне хабарласып, сабыр сақтауды ескертеді.

Наверх