Петропавлда өз пәтерінде қамалып қалған зейнеткер құтқарылды

13 Желтоқсан 2024, 06:28
346
Бөлісу:
Петропавлда өз пәтерінде қамалып қалған зейнеткер құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Петропавлда өз үйінде қамалып қалған зейнеткерге ТЖМ құтқарушылары көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Петропавл қаласында құтқарушылар пәтерінде қамалып қалған зейнеткерге көмек көрсетті. Арнайы альпинистік жабдық пен баспалдақтың көмегімен қызметкерлер ішке кіріп, есікті ашты.

Еденде 1942 жылы туған әйел адам жатты. Құтқарушылар оны көтеріп, төсекке жатқызды. Медициналық көмектің қажеті болмады, - делінген хабарламада.

Министрлік жақындарыңыз бен көршілеріңізге бей-жай қарамауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы